
Ұлттық академиялық кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жинақ білім, адамгершілік, қоғам және рухани даму жөніндегі идеялары бүгінгі таңда өзекті болып отырған тұлға – Абайдың философиялық мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.
Бейімделген нұсқаның авторы – көпжылдық тәжірибесі бар ұстаз, қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы, кәсіби қызметін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға арнаған Гүлмира Амандықова.
Кітап ағылшын, испан, қытай, неміс, орыс, түрік және француз тілдеріне аударылған.
Басылымның рецензенттері мен кеңесшілері Испания Корольдігінің Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің құрметті консулы Доминик Пажес, француз ғалымы Кэтрин Пухаль, қытайлық жазушы және аудармашы Акбар Мажит, неміс жазушысы, Анкаран университетінің профессоры Анна Рафатхан және Анна Тукерхан.
Шараға зиялы қауым өкілдері, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан мен шетелдің ғылыми және шығармашылық зиялылары, Астанадағы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.