Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
- авторОймақ
- 17 қазан, 2025
- 37

Соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы мен қазіргі жағдайына қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылуда.
Осыған орай ресми түсініктеме беруді жөн деп санаймын: сәуір айынан бері Сара Алпысқызы Назарбаева Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде жоспарлы ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, отандық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылуда.
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін тексерілмеген ақпаратпен байланыстырмауға, негізсіз пайымдар таратуға жол бермеуге шақырамын. Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.