
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2025 жылдың
19 қыркүйекте сағат 19:00-де және 20,21 қыркүйек күндері сағат 18:00-де Ермек Аманшаевтың «ШӘКӘРІМ» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады.
Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім» музыкалық драмасы – қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын арқау еткен терең философиялық туынды.
Қазақ руханиятының аспанында жұлдыздай жарқ етіп, ғұмырын халқының санасын оятуға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы - ақиқат іздеуші кемел ойдың иесі, ұлтының рухани ұстазы.
Шәкәрімді тану арқылы өткенімізге баға беріп, келешегімізге айқын бағдар жасай аламыз.
Ш.Құдайбердіұлының ұлы мұрасы - халқымыздың рухани жаңғыруына жол ашар мәңгілік шамшырақ.
Музыкалық драмада Шәкәрімнің ақтаңдақ кезеңдерді бастан өткерген тағдыры, рухани ізденістері, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы, сондай-ақ өміріндегі драмалық оқиғалар суреттелген.
Қойылым бірнеше сахналық көріністерден тұрады. Шәкәрім мен оның қоршаған ортасындағы кейіпкерлердің болмысы кеңінен ашылады.
Әсіресе, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің рухани байланысы, Абайдың ағалық қамқорлығы және Шәкәрімнің оның ізін жалғастыру жолындағы азаматтық ұстанымдары ерекше мәнге ие.
«Шәкәрім» музыкалық драмасы өскелең ұрпаққа көрнекті тұлғаның шығармашылық мұрасын, рухани құндылықтарын, ізгілік пен мейірімділікке негізделген адами қасиеттерді дәріптейді.
Қойылым тобы: Сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат МАЕМИРОВ, Композиторы және әндерді ансамбльге лайықтап өңдеген – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Ақтаев, Қоюшы хормейстері – Мәдениет саласының үздігі, Ғалымжан Берекешов, Қоюшы суретшісі – Мәдениет саласының үздігі Алма Сырбаева, Қоюшы балетмейстерлері – Анна Цой, Сұлтанбек Ғұмаров, Грим суретшісі – Жазира Әкімғалиқызы, Хореографтар – Айгүл Амандықова, Камила Бузанова, Жеткерген Томанов, Ербол Семкулов, Хормейстерлері – Шыңғыс Аймақ, Жансұлу Төлеген, Жанғали Темірғалиев, Жарық қою суретшісі – Ермек Мұхтарұлы, Дыбыс режиссері – Асылжан Асқаров, Режиссердің ассистенттері – Бауыржан Нұрбай, Еламан Иманбаев, Айдана Жетешова.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ботай рухы мен Мағжан мұрасы – Түркі әлемін біріктіретін құндылық
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2025