сенбі, 6 қыркүйек, 2025 14:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістанда қайтыс болған оқушы төрт сыныптасына хат қалдырған

Түркістанда қайтыс болған оқушы төрт сыныптасына хат қалдырған
almaty.tv
Қайғылы жағдайдың себебі - буллинг

Шымкентте 9-сынып оқушысы өз үйінің сарайында асылып қалды. Жақындарының айтуынша, қайғылы жағдайдың себебі — буллинг, деп хабарлайды

turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Марқұм телефонында төрт сыныптасына арнап жазба қалдырған. Онда: «Енді сендер мені ұра алмайсыңдар», — деп жазылған.

«Әкесінің қайтыс болғанына үш жыл болды. Мектепте оны осы үшін мазақ етті. Бір бала ақша, темекі әкелуге мәжбүрлеп, айтқанын істететін», — дейді қаза тапқан баланың анасы Жанерке Жүнісбекова.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266822-symkentte-oqusy-oler-aldynda-tort-synyptasyna-xat-qaldyrgan-video

Өмірсеріктің соңғы жазбасында көрсетілген төрт есім — сыныптастарының аты. Олардың бірі полиция есебінде тұр. Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ата-анасы кінәлілерді, сондай-ақ мектеп әкімшілігін жауапқа тартуды талап етуде. Қайтыс болған бала қаладағы №32 мектепте оқыған. Оның осы мектепті бітірген әпкесі де кезінде қысым мен ақша бопсалауға куә болғанын айтты.

Ал мектеп әкімшілігі оқушылар арасында ақша жинау мен жанжалдың болғанын жоққа шығарды.

«Өкінішке қарай, біз болған жағдайды кеш білдік. Оқиға алдында ешқандай төбелес болмады. Оны ешкім ұрған жоқ», — деді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райхан Тулеева.
 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар