
31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Топар кентінде орналасқан "ГРЭС" ЖШС нысанының күзет постында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері абайсызда табельдік қарудан оқ атып, салдарынан оның әріптесі қаза тапты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі және қызметтік тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа оқу жылында орта білім беру жүйесінде қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді.
- авторОймақ
- 1 қыркүйек, 2025