
Танымал актриса Дариға Бадықова әпкесіне үй сыйлады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесінің сөзінше, Таразға арнайы барып, әпкесіне үйдің кілтін сыйлаған.
«Жарық көретін киномның желісі үйсіз қалған отбасы туралы еді. Бүгін 15 жылдан бері үйі болмаған әпкеме үй сылйағым келеді. Түрлі жағдай басынан өтті. Арнайы Таразға барып, әпкемізге табыстадық. “Ыстық ұя” фильмінің түсірілімінде үйсіз қалған отбасыға үй сыйласам деген ой келген. Бүгін арманым орындалып тұр. Ешкімге айтпай сюрприз жасадым. Бақыт әпке қуаныштан не істерін білмеді. Бір күлді, бір жылады. Қуанышты бөліссең көбейеді. Баршаңызға жұғысты болсын», – деп жазды актриса.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгілі әнші Дженнифер Лопес қазақстандық скрипкашының видеосын жариялады
- авторОймақ
- 26 тамыз, 2025