сейсенбі, 2 қыркүйек, 2025 19:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Депутаттар демалыстан оралды

Депутаттар демалыстан оралды
Мәжіліс
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Өздеріңіз білесіздер, осы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасында ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 6-бабының 5-ші тармағына сәйкес, маған Парламент Мәжілісінің Төрағасы ретінде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сегізінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", – деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Бірлескен отырысқа қатысқандар Әнұранды орындады.

"Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді, онда Президентіміз жылдағы дәстүр бойынша халыққа жолдауын жариялап, алдымызға жаңа міндеттер қояды. Осымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы жабық деп жарияланады", – деді Ерлан Қошанов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар