дүйсенбі, 25 тамыз, 2025 19:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржаубайдың үйінде қуаныш болатын күн алыс емес

Қаржаубайдың үйінде қуаныш болатын күн алыс емес
instagram
Ол қазан айында жаңа үйге көшеді.

Адвокат Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың отбасы қазан айында жаңа үйге көшетінін мәлім етті, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Мейірман Шекеевтің айтуынша, жаңа баспана Асқар есімді жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынып жатыр. Сондай-ақ үй Алматы облысы әкімдігінің бақылауымен рәсімделіп, құрылысы 15 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр екен.

«Қаржаубайдың отбасында енді тек қуаныш болсын! Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді. Мен үшін уәде – Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес міндеттеме. Міндеттемеден бір жақты бас тартуға болмайды, әйтпесе соттағы жауапкершілік туындайды. Көп түкірсе көл болады дегендей, осы орайда @asarume_kz басшысы Асхат мырзаға да алғысым шексіз. Негізі үйге әлі де көптеген керек-жарақтар қажет. Газ пеші, перделер және тағы басқалары. Көмек бергісі келетіндерден бас тартпаймын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Еске сала кетейік, 2024 жылы қазанда 16 жастағы Шерзат Полат қазасынан бір апта өткеннен кейін оның отбасы тұратын үй өртеніп кеткен болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар