
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова немересін өмірге әкелген келіні Жұлдыз Әбдікәрімованы құттықтамағаны үшін сынға ілікті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, танымал әнші Қайрат Нұртас жақында бесінші рет әке атанып, қызды болды.
Көпшілік продюсер Гүлзира Айдарбекованы немересінің дүниеге келуін жеке парақшасына салмағанына ренішін білдіріп жатыр.
“Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды”, “Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар”, “Қайрат пен Жұлдызды ажырастырған шешесі”, “Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді”, “Қайрат екеуі үнсіз отыр , “Ұрпақтарыңды көбейтіп жатыр”, “Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар”, – деп жазды көпшілік.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/266016-nemeresi-duniege-kelgende-quttyqtamady-gulzira-aidarbekova-tagy-synga-qaldy
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.