"Бізге кешірім бермеді": Берденовті атқан Ернардың әкесі Жиенбай алғаш рет мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- Бүгін, 12:49
- 12

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пралиев үкім оқылғаннан кейін журналистердің алдына шығып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
“Біз күттік. Соңында адвокатыма “білші, жауап берсін” дедік. Барса әкесі соткасын ұстап отырып, “бермеймін” деп айтыпты. Содан бастап енді жауап берейік деп барғанымызда “тергеу аяқталды” деді де, тоқтатты”, – дейді ол.
“Келініңізге расында да, Руслан Берденов жазған ба? Лайк басқан ба?” деген сұрақ Пралиевке қойылған. Жиенбай Пралиев “ол тақырыпқа мен бармаймын” дегенімен, мынадай сөз айтты:
“Тиіскен, тиіскен. Мен өзімнің шекарамнан өтпейін. Бір нәрсені біліңіздер: Төлеген қайтыс болған кезде інісі барып алып келеді ғой тарихта. Сонда әкесі қыз Жібекті көріп, “еее, менің балам бекер өлмеген екен ғой” деген екен. Менің келінім өте сұлу. Сол себепті барлығы болуы мүмкін. Келінім бірақ адал. Күйеуі қызғанды. Қызғаныш бар. Өзімен өзі жұтып кетті деген сіздерге жеткілікті емес пе!?”
Жиенбай Пралиев сонымен қатар, Руслан Берденовтер тарапы кешірім бермегенін айтты.
“Кешірім беретін болса беруі керек қой. 15-і күні (?) “келініңіз мәлімдеме жасасын” деді. Жасалды. Бірақ кешірім берген жоқ. Анасы уайымдап, Президенттің атына арыз жазды. Олар “арызды алыңыздар, кешірім береміз” деді. Біз алдық. Одан кейін екі адвокат жолықсын деді. Жолықты. Мен де болдым ол жерде. Біз “кешірмесе кешірмеймін деп айтсыншы” дедік. Сол кезде бір сағат сөйлескен соң “кешірім беретін болдық” деді. Біз қуанып қалдық. “Неге?” деп едік, “сіз онкологиямен ауырады екенсіз, намаз оқитын әкесі ауырып, қайтыс боларда қарғаса маған ауыр болады, мен мамасы үшін кешірім беремін” деді. Біз қуандық. Жыладық.
Не үшін атты деген сұрақты адамдар қоймайды. Менің балам жынды емес. Сонда бекерден бекер атпайды ғой. Ертісбаев та “34 жылда болмаған оқиға” деп жатыр ғой. Оған бәрі мән бермейді. “Балаң атты” дейді. Ол өзінің шекарасынан бері қарай өтіп кеткен, намысына тиген. Шешенстанда болсаң біреудің әйеліне лайк бассаң, тұрған жеріңде сотсыз атып өлтірер еді. Бірақ біз кешірім сұрадық. Мен де, келін де неге мәлімдеме жасадық? Кездескенде ағайын-туысы, Сырымбек Тау бәріміз сол жерде мәмілеге келдік. “Сіздер де, біз де БАҚ-қа шықпайық, кешірім береміз” деді. Бірақ бермеді”, – деді ол.
Еске сала кетейік, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Сот үкімімен Ернар Жиенбай 9 жылға сотталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.