сәрсенбі, 20 тамыз, 2025 17:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үржардағы оқиға: балалар ата-әжесінің үйіне қыдырып келген

Үржардағы оқиға: балалар ата-әжесінің үйіне қыдырып келген
Абай облыстық әкімдігі
Оқиға салдарынан үш баоа қаза тапқан.

Абай облысының Үржар ауданында орын алған қайғылы жол апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан. Сонымен бірге 6-9 жас шамасындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті ем-дом жасап жатыр.

Зардап шеккендер – екі отбасының балалары. Қайтыс болғандардың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген болса, біреуі – Үржар ауданының тұрғыны. Ал жарақат алған балалардың екеуі Үржардан, біреуі Жарма ауданынан, - делінген мәліметте.

Әкімдік қаза болған балалардың отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетілетінін, сонымен қатар психологиялық әрі материалдық қолдау берілетінін мәлімдеді.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарының жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы жіберілген. Жағдай өңір басшылығының жіті бақылауында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар