сенбі, 16 тамыз, 2025 14:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Маңғыстауда тамақтан уланып қалған балалар туралы айтты

Тоқаев Маңғыстауда тамақтан уланып қалған балалар туралы айтты
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың республикалық тамыз конференциясында Маңғыстауда астан уланып қалған балалар жайын сөз етті.

Президент құзырлы мемлекеттік органдар білім саласындағы мәселелерден сырт қалмауы керек екенін жеткізді.

"Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды. Жалпы, білім саласы – мемлекет үшін стратегиялық мәні бар сала. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдар білім саласындағы мәселелерден сырт қалмауы керек", – деді ол.

Тоқаев балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе екенін атап өтті.

Еске салсақ, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепте 16 оқушы тамақтан уланып қалды. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары оқу орнынан тамақ пен ауыз су сынамаларын алып, сараптамаға жіберді.

Сондай-ақ өткен жылы қыркүйек айында Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғанынжазған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4 сынып оқушылары зардап шеккен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар