
Төтенше жағдайлар министрлігі енді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік объектілер мен техникаларды жаңарту бойынша жиынтық жоспарларды келісуге жауапты болады.
ТЖМ вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне арнайы ғимараттар мен құрылыстар кешені, оқу-жаттығу полигоны, шаң және газды талдау зертханасы, арнайы техника, аппараттар мен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуге тиіс.
Қауіпті өндірістік объектілерде зиянды факторлардың туындауына жол бермеу мақсатында ұйымдарда тікелей бірінші басшыға бағынатын жеке өндірістік бақылау қызметін құру міндеті енгізілді. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі белгіленді, – деді вице-министр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.