сәрсенбі, 30 шілде, 2025 3:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың қолданған заттарын көрсетті

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың қолданған заттарын көрсетті
Коллаж: Turkystan.kz
Халық әртісі болашақта саясаткердің заттарын тиісті мәдени орындарға тапсыруды жөн санап отыр.

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың қолданған жеке заттарын көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

«Данияр қайным Алматыдағы Зәкең екеуміздің шаңырағымызда түсіріп алған екен,менің жинастырып сақтап қойғандарым», - деп жазды ол.

Өнер иесі жақында Алматы облысы, Райымбек ауданы Кеген ауылына марқұм жолдасына арналған іс-шараға қатысып қайтты.

«Кегендегі мектепке атын беріп, бір бөлмесінде Зәкеңе арнап мұражай жасапты. Соған Зәкеңнің біраз дүниесін табыстап кеттім. Кегендік әкімшілікке көп рақмет!», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Кейін, халық әртісі болашақта саясаткердің заттарын тиісті мәдени орындарға тапсыруды жөн санап отыр.

«Өз үйімдегі қалған заттарын Алматыдағы бірнеше музейлер сұрап жатыр, сол музейлерге табыстаймын. Көзбен көргенге не жетсін?!», – деп жазды әнші.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар