сейсенбі, 22 шілде, 2025 21:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасында концерт береді

Димаш Құдайберген Қырғыз Республикасында концерт береді
kabar.kg
Араға 12 жыл салып, ол үлкен өнер жолы басталған жерге қайта оралды.

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген IV Халықаралық «Мейкин Азия» музыкалық фестиваліне қатысу үшін Чолпон-Ата қаласына барды. 

ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раевтің айтуынша, дәл осы фестивальде 2013 жылы Димаш бірінші маусымның Гран-при иегері атанып, оның жұлдызы алғаш рет жанған болатын. Араға 12 жыл салып, ол үлкен өнер жолы басталған жерге қайта оралды.

Содан бері Димаш әлемдік музыка сахнасында биік белестерді бағындырды. Оның бірегей дауысы әйгілі концерт залдарында шырқалып, Игорь Крутой, Ренат Гайсин, Уолтер Афанасьев сынды танымал композиторлар арнайы шығармалар жазды. Ол Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Лара Фабиан, Хаузер секілді әлем жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Құдайбергеннің концерттері бүгінде дүние жүзінде аншлагпен өтуде.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар