«NAK-тың қоқысы — NAK кеңсесіне»: Жаңа адамдар құрылыс компаниясына қоқысын қайтарды.
- авторОймақ
- 21 шілде, 2025
- 46

Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада заңсыз қоқыс тастауға бақылау артты. Осы жылы елордадағы бес ауданда 45 мың тоннаға жуық қалдық жойылды деп хабарлайды әкімдік сайты. Десек те, ахуал өзгермей отыр. Нақты мысалдардың бірі — Ұлы Дала мен Тұран даңғылдарының қиылысындағы қоқыс алаңы.
8,6 гектарға дейін созылған және спутниктен де көрінетін қоқыс алаңы ұзақ уақыт бойы құрылыс компаниясының тарапынан тиісті назарсыз қалған. Бірнеше ай бойы белсенділер рейдтер өткізіп, бейнежазбаға түсіріп, қоқысты осы аумаққа тасымалдаған КАМАЗ көліктерінің жүргізушілерімен сөйлесті және жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, жағдайды құжаттап отырды.
Осы аумақ үшін жауапкершілік «Нұр Астана Құрылыс» компаниясына тиесілі. Экологияны сақтау, заманауи тәсіл және қала тұрғындарының жайлылығы туралы жария ұстанымдарына қарамастан, компанияның құрылыс нысандары қоқыс үйінділерімен қатар орналасуы жиіледі.
Белсенділер компанияның ұстанымдары мен жауапкершілігін еске салуды ұйғарды. Бірнеше ондаған қатысушы рұқсат етілмеген қоқыс алаңынан шыққан қалдықтарды компания кеңсесіне жеткізді. Қоқыс жеткізілім форматында — велосипедпен, «NAK-тың қоқысы — NAK кеңсесіне. Өз қоқыс алаңдарыңды өздерің тазалаңдар!» деген үндеуі бар, безендірілген сөмкелермен жеткізілді. Осы әрекет арқылы белсенділер мәселені елемеу оның тікелей өзіңе оралуына әкелетінін көрсетті. Қалаға деген құрмет — өз әрекеттеріңнің салдары үшін жауапкершілік алудан басталады.
Қоқысты жеткізу барысында және «Нұр Астана Құрылыс» холдингінің басқарушысы Серікжан Мухтаровпен сөйлесу кезінде белсенділерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін ұстады. Алайда соған қарамастан, Жаңа адамдар қоғамның ұстанымын жеткізіп, компаниядан нақты жауап алды – қоқыс алаңын жою 2025 жылдың қазанына жоспарланды.
Antitrash азаматтық науқаны «Нұр Астана Құрылыс» компаниясын өз нысандарын ретке келтіріп, экология туралы ұрандары — жай сөз емес, нақты әрекеттер екенін дәлелдеуге шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда ер азамат медбикеге шабуыл жасап, ауыр дене жарақатын салды
- авторОймақ
- 18 шілде, 2025