Қарағандыда ер азамат медбикеге шабуыл жасап, ауыр дене жарақатын салды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:57
- 25

16 шілде күні Қарағандыдағы жеке медициналық орталықтардың бірінде ер адам медбикеге шабуыл жасап, ауыр дене жарақатын салды. Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасына сілтеме жасай отырып ekaraganda.kz хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Оның айтуынша, ер адам әйелі және балаларымен бірге клиникаға келіп, қызметтік кабинетке күшпен кірмек болған. Медициналық қызметкерлердің қарсылығына қарамастан, ол есікті сындырып, ішке кіріп, медбикені ұрып-соққан. Салдарынан оның екі саусағы сынған, миы шайқалған, шашы жұлынып, қолын тістеп алған. Шабуыл шамамен 20 минутқа созылған. Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.
Күдіктінің туыстары оның психикалық денсаулығына қатысты анықтама көрсетіп, жәбірленуші тараптан арызын қайтарып алуды сұрауда. Алайда қыздың анасы дәрігерлер бастапқыда оның психикалық тұрғыдан сау екенін растағанын, кешке ғана оны психоневрологиялық орталыққа ауыстырғанын мәлімдеді.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. 42 жастағы күдікті қазір дәрігерлер бақылауында. Тергеу ісі Қарағанды облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Оқиға болған Divera медицина орталығы қызметкеріне толық қолдау көрсетіп жатқанын және медицина қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді. Орталық басшылығы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кінәлі тұлғаның заң бойынша әділ жаза алуын талап етуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.