Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді
- авторОймақ
- 10 шілде, 2025
- 90

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады. "Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін айтты", - деп жазылған хабарламада. Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді. Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ-қа келетін импортқа баж салығын енгізетінін мәлімдеді. 14 елдің тізімінде Қазақстан да бар. АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға қатысты республикаға 25% көлемінде баж салығы салынады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Туған жерінен жерігендер азайды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Исрайл Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторОймақ
- 18 шілде, 2025
FIDE World Cup 2025: Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы құттықтады
- авторОймақ
- 16 шілде, 2025