Атырауда қоқыс жинап, көзге түскен бала Диснейлендке жолдама алды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:10
- 29

Атырауда қоқыс жинап, жұртты сүйсіндірген Дінмұхамед есімді бала Париждегі Диснейлендке жолдама алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Дінмұхамед Жұмажан атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленуде. Ол жақында "Қызық концерт” жобасында қонақта болып, көпшіліктің құрметіне бөленді.
Зиги-заги компаниясының өкілі Айдос Демешов оған арнайы статуэтка табыстап, Париждегі Диснэй лендке жолдама алды.
- Бәріңізге рақмет! Ата-анама рақмет! Димашқа рақмет, – деді баласын бағдарламаға әкелген Димаштың әкесі.
Таза Қазақстан
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы туралы айтты. Ол елімізде көктемнен бастап "Таза Қазақстан"жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салған. Соған сай биыл көктемде еліміздің өңірлерінің бәрінде акция басталып, жұртшылық көшелер мен аулаларды тазартып, ортақ іске бір кісідей атсалысқан.
Акцияның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "адал адам – адал еңбек – адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл, президент атап өткендей, "уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс".
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.