сейсенбі, 1 шілде, 2025 19:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әнші Камшат Жолдыбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін ел алдына шықты

Әнші Камшат Жолдыбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін ел алдына шықты
фото: скрин
Әнші алғаш рет желіде күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен видео жариялап, оқырмандарын қуантып қойды.

KeshYou тобының экс-солисі әрі әнші Камшат Жолдыбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін желіде ел алдына шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Қызығы сол, ол қайтадан орамалын шешіп тастады.

Әнші алғаш рет желіде күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлымен видео жариялап, оқырмандарын қуантып қойды.

"Көпшіліктің сұрауы бойынша оралдым", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін тыңдарман қауым әншінің күйеуі, актер Ғазрет Қажымұқанұлын қатаң сынға алған болатын. Жанкүйерлердің ашуын туғызған басты жайт – Ғазреттің Кәмшатқа қатаң талап қойып отырғанымен, өзі әлеуметтік желілерде белсенді түрде тікелей эфирге шығып, басқа қыздармен сөйлесетіні. Ал  Кәмшат Жолдыбаева соңғы уақытта сахнадан көрінбей кетті, орамал тағып, киноға да түспей қойды. Көпшілік бұл өзгерістерді оның жұбайының ықпалымен байланыстырып жүрді.

2023 жылы Кәмшат Жолдыбаева өзінен 5 жас кіші Ғазірет Қажымұқанұлы есімді актерге тұрмысқа шыққан. Осыдан кейін оранып, өнерден кететінін мәлім еткен. Нұр-Мүбәрак университетіне барып, араб тілін үйреніп жүргенін жеткізген. Сондай-ақ жаңа мамандық меңгергенін мәлімдеген. Бұдан былай әншілікті қойып, психология мен йогаға бет бұрғанын жеткізген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар