Тасымалдаушы Ирак пен Иранға ұшуларды 30 маусымға дейін тоқтату туралы шешімді де ұзартты.
Ливан мен Иорданияға ұшатын тұрақты рейстер тиісінше 18 және 21 маусымда қайта ұша бастайды.
Шарджа немесе Абу-Даби арқылы транзитпен аталған екі елге бағыт алған жолаушыларға шығу әуежайында ұшуға рұқсат берілмейді.
Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапты. Осы мәселеге қатысты Air Astana компаниясы рейстер әуе кеңістігін айналып ұшатынын хабаралаған еді.
Иран Израильге тағы да зымыран жіберді.
Бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігі, шекаралары және маңында ұшуға шектеу қоюына қарамастан, аталған мемлекетерге туристердің легі азаймай отырғанын айтты. Таяу шығысқа сапар алдында барлық тәуекел ескерілуі тиіс екенін ескертті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.