дүйсенбі, 16 маусым, 2025 22:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Көпір құлап, туристер қаза тапты

Көпір құлап, туристер қаза тапты
Фото: pixabay.com
Туристік орында аспалы көпір құлады. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 32 адам жарақаттанған

қиға Үндістанның батысындағы Махараштра штатында болған. Танымал темір көпір үстінде туристер тұрған кезде үзіліп кеткен.

Штаттың бас министрі Дэвендра Фаднавис әлеуметтік желідегі X платформасында төтенше жағдайдан зардап шеккендер ауруханаға жатқызылғанын жазды.

Жергілікті БАҚ көпір құлаған сәтте онда ондаған турист болғанын, олардың көпшілігі тасып жатқан өзенге құлап кеткенін хабарлады.

Фаднавистің айтуынша, алты адам құтқарылған, ал кейбір адамдарды су ағызып әкеткендіктен, қарқынды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға соңғы күндері нөсер жауын жауған Пуне ауданындағы Кундамала аймағында болған. Жауыннан кейін өзеннің ағысы күшейген, деп хабарлады Press Trust of India.

2022 жылы Гуджарат штатының батыс бөлігінде ғасырлық тарихы бар аспалы көпір өзенге құлап, жүздеген адам суға түсіп кеткен. ОЛ кезде апат салдарынан кем дегенде 132 адам қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар