дүйсенбі, 16 маусым, 2025 16:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жүздеген адам Ираннан Түркіменстан арқылы шығып кеткен

Жүздеген адам Ираннан Түркіменстан арқылы шығып кеткен
Фото: mfa.gov.tm
Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түрікменстан шекарасына өткенін мәлімдеді.

Ведомство өкілдері Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайға байланысты шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда орналасқан басқа да азаматтардың шығуына өз аумағын ұсынғанын хабарлады.

"Бүгінгі таңда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам өткізу бекеттері арқылы Түркіменстанның мемлекеттік шекарасына өтті", – делінген хабарламада.

Олар көлікпен, азық-түлікпен, қонақүймен және қажет заттармен қамтамасыз етілген. Бұған қоса Түркіменстанның мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта екені айтылған.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Қорғаныс армиясы Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған еді. Соққы астында Тегеран, Натанз және Фордо қалаларындағы нысандар мен Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) позициялары қалған.

Иран Израиль соққыларының салдарынан жоғарғы әскери басшылық пен жетекші ғалымдар қаза тапқанын растады.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар