дүйсенбі, 9 маусым, 2025 15:35

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған 8 жастағы Алуаның жағдайына қатысты әкім пікір білдірді

Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған 8 жастағы Алуаның жағдайына қатысты әкім пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз
Аялдамада болған оқиғадан зардап шеккен қыздың отбасының жағдайын білу үшін әкім орынбасары барып хабарын білген. Одан бұрын балалар омбудсмені де барған болатын.

«Көмекке қатысты айтар болсам, сақтандыру мөлшері 20 млн теңгенің маңыйында, одан бөлек әкімдік 10 млн теңге берді, тағы да 10 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар баспана мәселесін шешіп береміз. Кінәлілер тергеу барысында анықталатын болады. Автобус жүргізушісі де тәжірибесі жоғары маман әрі сол компанияда ұзақ жылдар қызмет еткен. Қазіргі таңда ол тергеуге алынды. Апатқа түскен автобус жаңа болатын. Қалаға 700 жаңа автобус келген еді. Сондықтан көліктің сапасы жоғары деп айта аламын. Өндіруші компания әлемдік нарыққа жылына мұндай 5 млн автокөлік өндіріп шығарады. Көлік қозғалысы болғандықтан мұндай апатты жағдайлар кез келген уақытта болған. Менің білуімше, дәл осы апатты жағдайда көлік аса қатты жылдамдықпен жүрмеген. Дегенмен нақты не себеп болғаны тергеуден соң анықталады», – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар