жексенбі, 8 маусым, 2025 14:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды

Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
Ол Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.

Сайыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов алтын медаль жеңіп алды.  Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Осылайша, ол спорттық гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Еске салайық, Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанып, тарихи жеңіске қол жеткізген болатын.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар