сәрсенбі, 4 маусым, 2025 9:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түсік жасауға жарнама жасаған клиника жазаланды

Түсік жасауға жарнама жасаған клиника жазаланды
Фото: Бауыржан Жуасбаев-архив
Түркия Республикасының Сауда министрлігінің Жарнама жөніндегі кеңесінің шешімі бойынша Анталиядағы аборт жасайтын клиникаға айыппұл салынды. Себебі ол Google іздеу жүйесінде "ақылы демеушілік жарнама" орналастырған.

Тексеру барысында клиниканың жарнамада мынадай үміттендіретін мәлімдемелер қолданғаны анықталды: "Процедура өте қысқа. Ол 5-10 минут уақыт алады. Аборт процедурасынан кейін пациент 30 минуттық демалыстан соң күнделікті өміріне қайта орала алады".

Кеңес бұл жарнамалық әрекеттер ұсынылатын қызметтерге сұраныс тудырып, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін тұлғаның қызметін коммерциялық сипатта көрсететінін атап өтті. Осы себепті, аталған жарнамалық әрекеттер денсаулық сақтау заңнамасында рұқсат етілген ақпарат шеңберінен асып, жарнама сипатына ие деп бағаланды, - делінген хабарламада.

Осы себептерге байланысты алқалы орган клиника иесіне 550 мың 59 түрік лирасы (7 162 268 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар