Асхат Аймағамбетов: Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер қосылған құн салығынан босатылады
- авторОймақ
- 30 сәуір, 2025
- 227

Яғни, арнайы үкімет қаулысымен бекітілетін тізім бойынша ең қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектер қосыиша құн салығынан толық босатылады. Бұл шешім — ең қажетті дәрі-дәрмектердің бағасының күрт қымбаттамауына жағдай жасайды.
Депутат мұндай ұсынысты әуелден жасағанымен, үкімет мақұлдамағанын айтты. Десе де екі тарап ұзақ талқылаудан кейін осындай компромистік шешімге келген.
Сонымен қатар қосылған құн салығы қолданылатын басқа медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер бойынша да маңызды келісім жасалды:
• 2026 жылдан бастап — қосылған құн салығы 5% өседі,
• 2027 жылы тағы 5%- ға артады. Яғни, кезең-кезеңмен.
“Тағы бір жақсы жаңалық: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер де толықтай қосымша құн салығынан босатылады. Дәл қазір біз үшін ең бастысы — ең қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмек пен медициналық көмектің халық үшін қолжетімді болуын сақтау”, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Депутат жұмыстың әрі қарай жалғасатынын айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025