24-қазан Кітапханашылар күні – Қазақстанда кітапханаларда қанша маман жұмыс істейді
- авторОймақ
- 24 қазан, 2024
- 689

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кітапханашылар күнімен құттықтады.
«Кітапхана – білім мен мәдениет сақталатын орын болса, сіздердің ерен еңбектеріңіз Қазақстан азаматтарына білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуге көмектеседі. Сіздер атқарып отырған еңбектеріңіздің арқасында 2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті. Кітапханашыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! »,– делінген министрліктің құттықтау сөзінде.
Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.
Жалпы елде 25 мыңнан астам кітапханашы жұмыс істейді.
Реклама
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Бес баласын тастап қайда кетеді": Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні туралы айтты
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАЛДЫ
- авторОймақ
- 15 қыркүйек, 2025