15 мамыр — қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың туған күні
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары туралы тарихи жадыны сақтауға ерекше мән береді. Солардың ішінде ерлігі, қайсарлығы және Отанға адал қызмет етудің символына айналған қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың есімі ерекше орын алады.


