Қазақстанда дәрігерлерді даярлау 7 жылға ұзартылмақ
Қазақстанда медициналық білім беру жүйесі қайта қаралуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді даярлау мерзімін 6 жылдан 7 жылға ұзартуды ұсынып, оған міндетті бір жылдық практикалық интернатура енгізуді көтерді.


