"Қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын еді": Нүкенованың анасы қызын еске алып жылады
- авторОймақ
- 29 мамыр, 2024
- 1.2k

Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды.
Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жылады, деп жазады Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосынсый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды", - деп жазды анасы.
Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.
"Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет", - деп жазды ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Жоғалған жігіттердің мүрдесі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025