сейсенбі, 24 қараша, 2026 21:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақ антропологиясының негізін қалаған ғалым Оразақ Смағұлұлы қайтыс болды

Қазақ антропологиясының негізін қалаған ғалым Оразақ Смағұлұлы қайтыс болды
ашық дереккөз
Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қазақ халқының шығу тарихын зерттеген көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлұлы  Алматыда 96 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оразақ Смағұлұлы 1930 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданына қарасты Ұялысай ауылында дүниеге келген. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, отандық антропология ғылымының негізін қалаушы.

Ғалым бүкіл саналы ғұмырын қазақ халқының этногенезін, антропологиялық тарихын және тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады. 1958 жылы академик Қаныш Сәтбаевтың қолдауымен аспирантураға қабылданып, 1965 жылы антропология мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

1970 жылы жарық көрген «Население Казахстана от эпохи бронзы до современности» атты іргелі еңбегінде ғалым қазақ жерін төрт мың жыл бұрын мекендеген тайпалар мен қазіргі қазақ халқының антропологиялық ерекшеліктерін салыстыра зерттеді.

Оразақ Смағұлов 30-дан астам ғылыми экспедицияны ұйымдастырып, 300-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның жетекшілігімен төрт ғылым докторы мен үш ғылым кандидаты даярланды. Қызы Айнагүл Смағұловамен бірлесіп, «Происхождение казахского народа» атты еңбек жазды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар