дүйсенбі, 23 қараша, 2026 13:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кәрім Көкірекбаев денсаулық жағдайына байланысты жазасын өтеуден босатылған болуы мүмкін

Кәрім Көкірекбаев денсаулық жағдайына байланысты жазасын өтеуден босатылған болуы мүмкін
Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында хабарлады

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, 396 миллион теңге пара алу ісі бойынша 12 жылға сотталған Кәрім Көкірекбаев денсаулық жағдайына байланысты жазасын өтеуден босатылған болуы мүмкін. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz 

Журналистің мәліметінше, Алматы облысындағы Алатау қаласының соты өткен аптада Көкірекбаевты жазасын өтеуден босату туралы өтінішті қанағаттандырған.

Дереккөздің айтуынша, 69 жастағы экс-әкім Қылмыстық кодекстің 75-бабы негізінде, яғни денсаулық жағдайына байланысты жазадан босатылған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Кәрім Көкірекбаев бұған дейін Жамбыл облысының әкімі, «Қазақстан темір жолы» жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарды.

2022 жылғы 27 желтоқсанда ол мердігер компания өкілінен пара алды деген күдікпен ұсталған. Тергеу мәліметінше, «Bazis Construction INFR» ЖШС басшысы Андрей Поплавский Қорғас өзеніндегі қорғаныс құрылыстарына қатысты іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойдыру үшін 396 миллион теңге пара берген.

Іс бойынша Көкірекбаевтың орынбасары Әділет Ахатаев та жауапқа тартылды. Тергеу деректерінде мемлекетке келтірілген залал шамамен 2 миллиард теңгеге бағаланған.

2024 жылы алқабилер соты Көкірекбаевты ақтағанымен, кейін үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

2025 жылғы шілдеде сот Көкірекбаевты 12 жылға, ал Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавскийді 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұдан бөлек, Козачковтың хабарлауынша, Көкірекбаев қамауда отырған кезінде конвой қызметкеріне 20 мың теңге беріп, жұбайымен телефон арқылы сөйлесуге және сот ғимаратында заңсыз кездесуге мүмкіндік алған. Осы әрекеті үшін оған 300 мың теңге айыппұл салынған.

Енді журналистің дереккөзі бұрынғы шенеуніктің денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылғанын алға тартып отыр.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктемені дүйсенбі күні беруге уәде еткен.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар