Қоғам

Қарағандыда акробат биіктен құлап түсті

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әртіс нөмірін сақтандыру арқанынсыз орындаған.

Қарағанды циркінде акробат өнер көрсетіп жатқанда тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әртіс нөмірін сақтандыру арқанынсыз орындаған. Көрермендер құлаған сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

Қойылым жүргізушісі дәрігерлер акробатты қарап шыққанын, оның жағдайы жақсы екенін айтты. Осы хабардан кейін цирк бағдарламасы жалғасты.