
Қылмыстық іс Әуезов аудандық сотында қаралды. Айка Мырзахметоваға аса ірі көлемде есірткі сақтады және заңсыз айналысты деген айып тағылды.
Сотта Мырзахметованың мефедронды сақтап, өзімен бірге заңсыз тасымалдағаны анықталды. Сонымен қатар, үш жыл бойы ол ақша үшін жыныстық қызмет көрсетуге дайын модель қыздарды таңдап, элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы болды. Айка бай клиенттерді іздеген. Бұл әрекеті үшін пайызын алып отырған. Ол ақшаны өзі немесе делдал арқылы жинаған. Айтқандай, делдал да сотталды.
Мырзахметова толық болмаса да, кінәсін мойындады. Нәтижесінде ол алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта өкінгені, қылмысты ашуға көмектескені және кішкентай баласының бар екені де ескерілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Соңғы үкім: 23 мамырдан Ахмет туралы фильм көрсетіледі
Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторОймақ
- 12 маусым, 2025
Көпбалалы ананың атына заңсыз несие рәсімдеген: алаяқтар банкте отыр ма?
- авторОймақ
- 11 маусым, 2025