бейсенбі, 17 қыркүйек, 2026 17:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таза мектеп – таза орта, жасампаз ұрпақ

Таза мектеп – таза орта, жасампаз ұрпақ
Фото: oimaqnews.kz
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылы, №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және оқушыларды еңбекке баулу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мектеп аумағын көркейту мақсатында ұстаздар мен оқушылардың бірлесуімен гүлзарлар жасалып, түрлі гүлдер мен сәндік өсімдіктер отырғызылып, ағаш көшеттері егілді. Мектеп ауласының жасыл желекке бөленуі білім алушыларға таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстары оқушылардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Әр сынып өзіне бөлінген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, өсімдіктердің өсуін бақылауға және оларды күтіп-баптауға атсалысады.

Мектептегі зерттеу алаңы да оқушылардың ғылыми ізденісіне мүмкіндік беретін маңызды ортаға айналуда. Оқушылар өсімдіктердің өсу ерекшеліктерін бақылап, топырақтың жағдайын зерттеп, суару мен күтімнің өсімдік дамуына әсерін салыстырады. Осы арқылы қарапайым еңбек әрекеті ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ұштасып келеді.

Сонымен қатар мектепте суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытында түсіндіру және практикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шағын жобалар мен шығармашылық жұмыстарға қатысып, өз идеяларын ортаға салуда.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – мектеп аумағын таза ұстау ғана емес, табиғатты қорғауды өмір салтына айналдыратын, еңбекқор, ізденімпаз және жауапты жас ұрпақ қалыптастыру.

Таза аула – таза орта.
Таза орта – сапалы білім мен жарқын болашақтың негізі.

№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің ұжымы бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, ғылымды, жаңашылдықты, еңбекті және экологиялық мәдениетті бір арнаға тоғыстыра береді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар