бейсенбі, 17 қыркүйек, 2026 17:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жезқазғанға жаңа әкім келді

Жезқазғанға жаңа әкім келді
Мұрат Бөрібаев. Фото: Жезқазған қаласы әкімі
Бұған дейін ол Сәтбаев қаласын басқарған

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласын басқарған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Еңбек жолының елеулі бөлігі "Қазақмыс" корпорациясымен байланысты. Ол компания құрылымында түрлі қызмет атқарып, кейін №1, №2 және №3 Жезқазған байыту фабрикаларын басқарған. 

2024 жылғы шілдеден бастап Мұрат Бөрібаев Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарды. 

Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Шайжанов 17 қыркүйекте қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол шаһарды 2022 жылдың маусымынан бері басқарған. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар