Жезқазған әкімі қызметінен кетті
Ол бұл туралы парақшасына жазды.
Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенн мәлімдеді. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ол төрт жыл ішінде туған қаласының дамуы үшін шамасы келгенше еңбек еткенін, бұл кезең өзі үшін үлкен жауапкершілік, үлкен мектеп әрі өмірлік тәжірибе болғанын айтты.
Қайрат Шайжанов өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша жезқазғандықтарға шын жүректен алғыс айтты.
Қызмет аяқталғанымен, Жезқазғанға деген жанашырлығым мен ақ тілегім ешқашан аяқталмайды. Қаламыздың дамуы жалғасын тауып, әр шаңырақта береке мен тыныштық орнасын! Жезқазғанның болашағы жарқын болсын!" - деді ол.