бейсенбі, 17 қыркүйек, 2026 18:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кісі өлтірген жоқ". Гүлзира Айдарбекова актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкіміне қатысты пікір білдірді

"Кісі өлтірген жоқ". Гүлзира Айдарбекова актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үкіміне қатысты пікір білдірді
Коллаж: turkystan.kz
Жазаны жеңілдету мәселесін қозғады.

Гүлзира Айдарбекова актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің сот үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желідегі пікірінде сот үкіміне қатысты ойын айтып, жасалған қылмыс үшін жауапкершілік болуы керек екенін атап өтті. Алайда продюсер жазаны жеңілдету мәселесін де қозғады.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс ау, кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін. Әйелі де кішкене жеңілдетсе деп жүрегі ауырып тұрған сияқты. Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп 2 жарым жыл емес 1 жылда жеткілікті ма дегенім ғой, ол жақтан түсіп кетпей, қаны безер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Продюсер бұл пікірді сырттай ғана көріп жүрген адам ретінде жазғанын айтып, оның қандай адам екенін толық білмейтінін жеткізді.

«Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенін де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар, әйелі бар, ешкім жыламаса дегенім ғой», – деді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар