Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Бұл Республика күніне байланысты.
Қазақстандықтарды қазан айында қосымша демалыс күні күтіп тұр. Бұл Республика күніне байланысты, деп хабарлайы Oimaqnews.kz
2026 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, Республика күні – 25 қазан жексенбіге түседі.
Қолданыстағы заңнамаға сай, мереке демалыс күніне сәйкес келген жағдайда, демалыс тағы бір күнге ұзартылады. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда демалады.
Яғни Республика күніне байланысты демалыс 26 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.