Қызға әдепсіздік танытқан: Алматыда дәмханада шу шығарған жігіт ұсталды
- авторОймақ
- 7 қыркүйек, 2026
- 175
Алматыда қызбен таныспақ болып, артынша жанжал шығарған жігіт ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, жігіт дәмханалардың бірінде қызбен танысуға әрекеттенген. Алайда қыз оның ұсынысын қабылдамаған. Бұған ашуланған жігіт қыздың үстіне су шашып, артынша әдепсіз ишара көрсеткен. Кейін қыз полицияға жүгінген.
Бостандық ауданының полицейлері жігіттің кім екенін анықтап, оны ұстады. Ұсақ бұзақылық бойынша толтырылған материал сотқа жіберілді.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Блогер Дәмелінің қуанышынан жаңа кадрлар тарады
Ұқсас жаңалықтар
"Өзімді кінәлі деп санамаймын": Сәуле Жұбаниязова сотта жауап берді
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2026






