Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы өзін уағызшы ретінде таныстыратын Дарын Мубаровтың қатысуымен өткен журналист Айнұр Асенбердінің подкастына тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 31 шілдеде Айнұр Асенбердінің YouTube-арнасында «Сізге уағыз айтуға тыйым салынды. Енді не істейсіз?» деген атаумен подкаст шыққан.
Оған бұған дейін Қазақстан аумағында діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін жауапқа тартылған Дарын Мубаров қатысқан.
«Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тыйым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған. Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни заңнаманы бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады басқармадан.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





