Қоғам

Жылқышыны айыптаған шаруа қожалығының иесі мәлімдеме жасады

Ол әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап берді.

Ақтөбеде қоғамда қызу талқыға түскен жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісіне қатысты шаруа қожалығының иесі Тәжіғали Елеуов алғаш рет мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап беріп, оқиғаға қатысты өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тәжіғали Елеуовтің айтуынша, Рахат Сәрсенов ұзақ жылдар бойы қожалықта жұмыс істегенімен, оның арақ ішкеніне және бұған дейін бірнеше бас жылқының жоғалуына көз жұма қараған. Алайда соңғы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл іске бір ғана адам емес, қылмыстық топ қатысы бар. Тіпті олардың бірі сот үкімімен жазасын өтеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ Елеуов әлеуметтік желіде тараған «Рахат Сәрсенов толық ақталды» деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Ал Тәжіғали Елеуовтің қызы Аяулым Тәжіғалиева соңғы уақытта отбасының ауыр психологиялық қысымға ұшырағанын айтты.