Шұғыл түрде өрт оқпандары берілді.
Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Алғашқы бөлімшелер келген кезде қатты түтін байқалды. Шұғыл түрде өрт оқпандары берілді.
Өртті сөндіру барысында түтін басқан бөлмеден 2002 жылы туған қыз құтқарылды. Сондай-ақ оттың жоғары орналасқан бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Инстада бейәдеп сөз айтқан астаналық қамауға алынды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Мен полиция қызметкерімін": шымкенттік қыз жауапкершілікке тартылды
- авторОймақ
- 18 қыркүйек, 2026






