Аптап ыстықтан 26 адам қайтыс болды
Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мәлімдеген.
Қазақстанда аптап ыстықтың салдарынан 26 адам қайтыс болды. Бұл туралы BES.Media басылымына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бас маманы Зәуре Нұридинова мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, биыл күннің ыстығынан көз жұмғандар саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп, себебі былтыр анағұрлым аз, яғни жеті адам қайтыс болған еді. Дәрігерлерге көбіне құрылысшылар мен күні бойы ашық аспан астында жұмыс істейтін азаматтар жиі жүгінген.
Соңғы айларда елімізде аптап ыстық пен күн өтуге байланысты 30 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың ішінде 200 азамат жағдайының ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылды.