Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында 84 мың тұрғын газбен қамтылады
- авторОймақ
- Бүгін, 10:06
- 37
Қаражат Мемлекет басшысының елді газдандыру қарқынын жеделдетіп, көгілдір отынмен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасы аясында автоматтандырылған «Шу» газ тарату станциясының құрылысын аяқтауға бағытталады.
Қазір Шу ауданы табиғи газды 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан «Қордай» автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы алып отыр. Алайда қолданыстағы инфрақұрылым өңірдегі тұтыну көлемінің артуына байланысты қажетті сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан жылыту маусымында газ тапшылығы мәселесі туындайды.
Жаңа станция іске қосылғаннан кейін тұрғын үйлер, орталық қазандық және кәсіпкерлік нысандары табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жаңа тұтынушыларды газ желісіне қосу үшін техникалық шарттар беруді қайта бастауға мүмкіндік туады.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 29 технологиялық торап пен жабдық кешені орнатылған. Мамандар блокаралық инженерлік коммуникацияларды қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Үкіметтің мәліметінше, жоба іске асқаннан кейін Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мыңнан астам тұрғыны тұрақты әрі сенімді газбен қамтылады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





