сенбі, 1 тамыз, 2026 23:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық балуандар екі медаль иемденді

Қазақстандық балуандар екі медаль иемденді
ҰОК
Әзірбайжанның Баку қаласында U17 әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандық балуан Інжу Баққожа Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде ресейлік Алина Баранованы 8:2 есебімен жеңді. 

Сондай-ақ 61 келіге дейінгі салмақта Аружан Бақытнұр қола жүлде үшін күресті. Дегенмен үндістандық Аваншикаға жол берді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын бір күміс, бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алған еді. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар