Кеше ғана блогер Бота Миа қырғызстандық жас балаға тұлпар мінгізген видеоны әлеуметтік желіге жүктеді. Алайда көпшіліктің назары аттың үстіндегі ат жабуына түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық блогер Бота Миа 11 жасар қырғызстандық Әлихан Асқарбековке жүйрік ат тарту етті. Ол бұл сыйлықты Қазақстан атынан жас баланың батыл әрі ізгі әрекеті үшін алғыс ретінде бергенін атап өтті. Бұл оқиға Ыстықкөлде өткен бәйгеден кейін кең танылды. Халықаралық жарыста қазақстандық шабандоз атынан ауып түскенде, Әлихан мүдірмей, сәйгүлікті ұстап алып, жарысты аяғына дейін жеткізген. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленген болатын. Жарыстан кейін жас балаға барлық жүлде қоры табысталып, оның «Қазақ пен қырғыз — бір туған» деген сөзі желіде кең тарап кетті.
Осы оқиғаның заңды жалғасы ретінде блогер балаға тұлпарды өз қолымен табыстап, бұл сыйлық батылдық, адалдық пен бауырмалдықтың белгісі екенін айтты.
Алайда ат үстіндегі ат жабуы көк түсте болғаны және күн мен қыран құс бейнеленгені ел назарын аударды. Көбі жабуға көк ту бейнеленген деген тұжырымға келді. Бірақ блогер оның мемлекеттік ту емес екенін баса айтты.
«Аттың үстіне жабылған дүние мемлекеттік ту емес. Бұл дүкенде сатылатын, атқа арналған арнайы жамылғы. Онда мемлекеттік тудың бейнесі жоқ, тек Қазақстанды білдіретін күн мен қыран элементтері ғана қолданылған», - деп жазды блогер.
Ол заңгерлермен де ақылдасқанын жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Балуан Айша Әбдімәлік финалға өтті
Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы бала қайтыс болды
- авторОймақ
- 29 шілде, 2026






