Қостанайда ерекше балалар интернатында 14 жастағы бала қайтыс болды
Оқиға 28 шілдеде болған.
Ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Динара Қарымсақова растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 28 шілдеде болған. Қарымсақованың айтуынша, баланың сол күнгі жағдайы жақсы болған.
Полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғады. Өлімнің себебі тергеу барысында анықталады.
Ал Қостанай облысы құқық қорғау орталығы 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі бала қатты ыстықтан жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады. Себебі орталық қызметкерлері бөлмелерде салқындатқыштың жоқтығына шағымданған. Алайда бұл ақпарат жоққа шығарылды.