сәрсенбі, 29 шілде, 2026 11:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Атамекеннің" экс бастығы мерзімінен бұрын босады

"Атамекеннің" экс бастығы мерзімінен бұрын босады
"Атамекен" ҰКП
«Өтелмеген жаза бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды".

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов жазасын өтеп жатқан колониядан бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Павлодар облыстық соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Оның өтелмеген жаза бөлігі бостандықты шектеу жазасына ауыстырылды.

«Өтелмеген жаза бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылды. Босатылғаннан кейін сотталған азамат пробация қызметінің есебіне қойылды. Ол сот шешімінен туындайтын барлық шектеулерді, міндеттерді және талаптарды, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерге шығуға тыйым салуды сақтауға міндетті. Қызметкерлер оған жүктелген міндеттер мен шектеулердің сақталуына үздіксіз бақылау жүргізеді, тұрақты тексерулер мен басқа да бақылау шараларын жүзеге асырады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Абылай Мырзахметов 2023 жылдың мамыр айында тұтқындалған болатын. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылдың мамырында оны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың туысынан оны қамаудан босатуға көмектесемін деп 13,9 миллиард теңге алғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот экс-басшыны аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін 5,8 миллиард теңге мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. 2025 жылдың мамырында Мырзахметов ШТМБ бойынша өтініш білдірген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар